Етеккір деген не және оның кешігіп келу себептері?
Әйел ағзасы - ерекше жаратылыс. Яғни, ер адаммен салыстырғанда әйелдердің орнанизмі мүлдем бөлек. Бұл жерде ең басты айырмашылық ай сайын келіп тұратын етеккір бірінші болып көзге түседі.
Егер бұл материалды етеккірі енді басталып келе жатқан жас оқырмандарымыз оқып жатса, бірден айтайық - ол ауру емес. Қаннан қорқудың қажеті жоқ. Бұл табиғи процесс. Керісінше, егер қыз балада менстрауцияның басталуы оның денесі сау екеніне дәлел бола алады.
Симптомдары
Етеккір келетін кезде әйел ағзасында түрлі ауру сезімдері болады. Ол күндері көңіл күйі түсіп немесе қыздар ашулы жүруі мүмкін. Португалияда етеккір келген әйелдер жұмысқа шықпай-ақ қойса болады деген заң қабылдаған. Өйткені, ашулы әрі көңіл-күйі жоқ адамның жұмыс өнімділігі түсіп кетуі мүмкін. Енді симптомдарына тоқталайық:
Етеккір келуінің белгілері:
- сүт бездерінің ауруы;
- салмақ қосу;
- бас айналуы;
- ұйқысыздық;
- аяқ-қолдың ісіп кетуі.
Етеккір кезінде келесідей жағдайлар болуы мүмкін:
- көңіл-күй тез өзгереді;
- тітіркену сезімі артады;
- агрессив болады;
- әр нәрсеге алаңдай береді;
- тез жылап қалуы мүмкін;
- апатия;
- депрессия;
Әдетте етеккір уақытында және келу алдында осындай белгілер болуы мүмкін. Одан бөлек, іштің қатты ауыра бастауы да менструация себебінен болу ықтималы жоғары. Дәрігер-гинеколог Айдана Қазиеваның айтуынша, етеккір негізі ауырып келмеуі тиіс екен. Егер пациент үшін етеккір ауыр өтсе, демек оның организмінде қандай да бір кемшіліктер болатынының белгілері қатарына жатады. Мұндай жағдайда дәрігерге барған дұрыс.
Етеккір не үшін тұрақсыз әлде кешігіп келеді?
Жүктілік
Егер етеккіріңіз кешігіп жатса белсенді түрде жыныстық қатынаспен өмір сүретін пациенттер ең алдымен тест көргені абзал. Өйткені, жүкті кезде етеккір келмейді.
Гормондық өзгерістер
Етеккірдің кешігіп әлде мүлдем келмеуіне ең көп жағдайда гормондардағы өзгерістер себеп болады. Мұндай жағдайда гинеколог қабылдауына барып, гормондарға анализ тапсырып, сол бойынша ем алған абзал.
Стресс
Егер ұзақ уақыт стресс әлде уайым құшағында жүрсеңіз де етеккір циклында проблемалар туындауы мүмкін.
Етеккір кешіксе не істеу керек?
Ең алдымен телефоныңызды қолға алып, Google-ге “білікті гинеколог (...)” жақшаның ішіне өзіңіз тұратын елді мекен атын жазып, гинеколог іздеңіз. Өйткені, етеккірдің келмей қалуы ағзадағы басқа да ауруларды тудыруы мүмкін.
Осы материал пайдалы болса, біздің телеграм арнамызға жазылыңыз.