Жыныстық денсаулық

Гинекологиядағы плазмолифтингнің қандай пайдасы бар?

28 мамыр, 2024
75 рет қаралды

Жыл басынан бері мыңға жуық қыз-келіншектерге плазмолифтинг жасап бердік. Бірақ, көпшілік бұл не екенін және әйел ағзасына қаншалықты пайдалы екенін білмейді. Бүгінгі постта сол олқылықты жоюға тырысып көреміз.



Плазмолифтинг - ол интимді өмір сапасын жақсартып, бірқатар гинекологиялық ауруларды жояды, жыныс мүшелері мен жатыр мойнының шырышты қабығын қалпына келтіруге көмектеседі, жамбас бұлшықеттерінің жағдайын жақсартады.



Қандай жағдайда қолданады?



Бала көтеруге дайындалып жүрген, интимді өмірден ләззат ала алмай жүрген, астыңғы жағы құрғап төсен қатынасында дискамфорт сезініп жүргендер үшін өте пайдалы. Сондай-ақ, потенциалды жыныстық аурулардың алдын алып, қорғау зор үлес қосады.



Қалай жүзеге асады?



Венадан 45-тен 60 мл-ге дейін қан алынады. Ол центрифугаға салынып, одан тромбоциттерге бай плазма алынады. Дәл осы жолмен алынған плазма ең жоғары ынталандырушы биохимиялық қасиеттерге ие. Шприцтің көмегімен плазманың микродозалары шырышты қабықтың, қынаптың немесе жатыр мойнының зақымдалған жерлеріне енгізіледі.



Менструальдық циклдің бірінші кезеңінде плазмолифтинг курсын бастаған дұрыс.



Дәрімен емдеуге қарағанда, плазмо несімен артық?



Адам организміндегі жасырын резервтер өзін өзі емдеуге шамасы жетеді. "Химиялық" дәрілерге қарағанда, табиғи әдіс көбірек пайда әкеледі. Плазмолифтингнің өз қаны қолданылғандықтан, аллегрия болмайды.



Кімге плазмо жасауға болмайды?



Жүкті әйелдерге, психо-неврологиялық науқастарға, онкологиялық ауруы бар адамдарға жасалмайды.