Гинекология

Овуляция деген не?

30 маусым, 2024
229 рет қаралды

Аналық безден ооцит деген жетілген жұмыртқа шыққан кезді овуляция деп атайды. Ол жатыр түтігіне яғни, жатыр мен аналық безді байланыстыратын органға түседі. Ооцит түтікте болған кезде ұрықтану жүзеге асады. Бұл дегеніміз осы сәтте жыныстық қатынас болса, жүкті болу ықтималы артады.


Менструальдық циклдің 6-шы және 14-ші күндері аралығында гипофиз безі фолликулды ынталандыратын гормонды шығара бастайды, ол аналық бездердегі фолликулалардың жетілуін тудырады (ішінде ооциттер дамитын сұйықтықтың шағын қапшықтары бар).


10-нан 14-ші күнге дейін дамып келе жатқан фолликулалардың біреуі басым болады, яғни өседі. Ол басқаларының өсуін тоқтатып және толық жетілген жұмыртқаны құрайды. Осы кезеңнің соңында гипофиз безі лютеиндеуші гормонның (LH) жоғары дозасын шығарады. Бұл аналық бездің жұмыртқа жасушасын шығаруына себеп боолады. Әрі қарай, прогестерон деңгейі артады. Бұл өз кезегінде жатырдың жүктілікке дайындығына көмектеседі.



Симтомдары



  • Дене қызып, температураның көтерілуі;

  • Шап аймағының ауыруы;

  • Вагинадан бөлінетін бөлінділердің артуы;

  • Іш және төс аймағындағы ауру сезімдердің күшеюі;

  • Жыныстық қатынасқа түсуге деген ынтаның артуы;



Овуляцияны қалай анықтайды?


Егер етеккір тұрақты келіп жүрсе менструацияның 14-ші овуляция күні деуге болады. Бірақ нақты уақытын анықтау ультра дыбыстық зерттеу аппаратынан өту қажет. Овуляциясыз көтеру мүмкін емес. Егер етеккір тұрақсыз болса гинеколог қабылдауына барған дұрыс.