Гинекология

Жатыр мойны эрозиясы деген не?

30 маусым, 2024
224 рет қаралды

Жатыр мойны эрозиясы әйел адамдар арасында ең жиі кездесетін аурулардың қатарында. Статистикаға сенсек, әйелдердің жартысында осы сырқат кездеседі.



Эрозия деген не?


Жатыр мойнының эрозиясы (язва) немесе жатыр мойнының шынайы эрозиясы – жатыр мойнының қынаптық бөлігінің эпителиальді жамылғысының тұтастығының бұзылуы немесе өзгеруі.



Симптомдары


Әдетте сізде жатыр мойны эрозиясы бар екенін байқамайсыз. Оны гинекологтан тұрақты түрде тексерістен өтіп жүрген кезде анықталады. Бірақ кейде іштің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін, генитальді қатынас кезінде ауырсыну үдей түседі, аздаған қанды бөліністер болуы мүмкін, жыныстық қатынас кезінде қатты ауру сезімі байқалады.



Эрозия неден пайда болады?



  1. Венерологиялық аурулар. Венерологиялық аурулардың ішінде хламидия, укреплазма, микоплазма секілді аурулар мойыны шырышын зақымдап, дефект туындауына алып келеді.

  2. Қынап микрофлорасының зақымдалуы. Бұны вагиноз немесе қынап дисбактериозы деп атайды. Онда микрофлора балансы бұзылып, нәтижесінде қабыну процесі туындап, эрозия пайда болады.

  3. Контрацептивтерді дұрыс пайдаланбау кезінде алған жарақаттар, операциялар. Бұл физикалық факторлар әсеріне жатырдың шырышты қабаты зақымданады.



Қалай емдейді?


Көп жағдайда эрозияны күйдіру арқылы емдейді. Бірақ бұл әрекет барлық пациентке ортақ нұсқа ретінде де қолданылмайды. Себебі, әр адамның организмі әр түрлі болады. Мұндай жағдайда ем алу үшін гинеколог қабылдауына барған абзал.