Гинекология

Жүктілік деген не және жүктілікті қалай анықтайды?

30 маусым, 2024
98 рет қаралды

Сонымен, сізде жүктілік белгілері көріне бастады делік. Мұндай жағдайда не істеу керек деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Алдымен жүктілік сөзіне анықтама бере кетейік.


Бұл физиологиялыұ құбылыс. Ол ұрықтанудан басталады. Яғни, ер мен әйел жыныстық жақындасу арқылы жүзеге асатын процесс.



Симптомдары


Жүктілік әр адамда әр түрлі жүргенімен, жалпы белгілері баршаға ортақ. Алдымен етеккіріңіз әдеттегіден біраз кешігіп жатса және келесі белгілері болса:



  • Төстің үлкейіп кетуі;

  • Шаршай беру;

  • Таңертең жиі құсу;

  • Кіші дәретке жиі шығу;

  • Эмоционалды тұрақсыз болу;

  • Иіс сезу қабілетінің артуы


Егер осы қасиеттерді өз бойыңыздан көрсеңіз, сізде жүктілік болу ықтималы жоғары.



Енді не істеу керек?


Ең алдымен тест көресіз. Бірақ тесттер 2-3 аптаға дейін нақты нәтиже бермеуі мүмкін. Егер тестте екі жолақ анық шығып тұрса, мұнда жүкті болуы ықтималы жоғарылайды. Ал тест нәтижесі күмәнді болса, ашқарынға ХГЧ анализін тапсыру қажет. Бұл аяғыңыз ауыр ма әлде жоқ па 100% анық білдіретін анализ. Одан кейін 3-4 аптаға қарай ультра дыбыстық зерттеуге барсаңыз болады.


Гинеколог Айдана Қазиеваның айтуынша, 4 аптаға дейін ультра дыбыстық зерттеуге түсудің қажеті шамалы. Себебі, жүктілік бар болғанымен кейбір ультра дыбыстық зерттеу аппараттары 4 аптаға дейін анық көрсетпеуі мүмкін.



Осы материал пайдалы болса, біздің телеграм арнамызға жазылыңыз.